Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ КӨРІНІСІ
26-01-2018 15:22
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ КӨРІНІСІ

2018 жылы 26 қаңтарда Павлодар қаласында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетінің көрінісі» семинар-практикумда ғылыми сипаттағы сапалы білім беру формаларын ұйымдастыру және балалардың дарындылығын дамыту үшін жағдай құру туралы мәселелер қарастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша 114 ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша директор орынбасарлары және пән-мұғалімдері қатысты. Семинардың практикалық бөлігі жоғары оқу орындарының, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» АҚ оқытушыларымен өткізілді (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет,ағылшын тілі, қолданбалы математика, тарих, өлкетану, этномәдени, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау).

Секция жұмысында қатысушылар жаңа идеялармен алмасып,практикалық жұмыс тәжірибесін көрсетті және оқушылардың ғылыми-әдістемелік қызметін үлгілеу, балалардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу бойынша ғылыми-әдістемелік кепілдеме алды. 1 - 7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 38 мектебінен оқушылар 241 ғылыми жоба,сонымен қатар 18 командалық жұмыс,оларқазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, математика және информатика, физика және техника, медицина және психология, тарих, өлкетану және этномәдени, биология және химия, экология және валеология ұсынды. Қаңтар айының соңында № 21, 16, 39 ЖОМ 4 оқушы «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары республикалық кезеңінде өз жобаларын қорғайды.

8 - 11 сынып оқушыларының ғылыми жобаларының қалалық кезеңіне оқушылармен 35 мектептен 200 жоба ұсынылды,оның ішінде 98 (45%) жоба мемлекеттік тілде. I - III кезең қорытындысы бойынша (№ 34, 37, 13, 20, 16 ЖОМ) 5 оқушы, ақпан айында Алматы қаласында ғылыми жобалардың республикалық кезеңіне қатысады. Семинар қорытындысы бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметтінің технологиялық арсеналын және педагогикалық көзқарасын жаңарту бойынша әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқталды.