Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа үлгідегі ертегі парақтары бойынша
20-06-2018 15:03
Жаңа үлгідегі ертегі парақтары бойынша

20 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Қаланың ойын-сауық орталығында Павлодар облысының 80-жылдығына, Астананың 20-жылдығына арналған «Жаңа үлгідегі ертегі» қалалық жазғы жобасы өтті. Байқауға №№ 2, 5, 6, 19, 22, 23, 27, 28, 29, 30, 33, 35, 36 Жетекші мектептерінен әртүрлі жастағы командалардан 260 оқушы қатысты.
Балалар өздерінің театралдық қабілетін,әртістілігін көрсетті және ертегі сюжетін бүгінгі заманмен түсіндіріп таңдандырды.
Әділ қазылар және жанкүйерлер төрешілігіне «Колобок», «Репка», «Сказка о рыбаке и рыбке», «Принцесса без горошины», «Курочка Ряба» ертегілерін сахналау ұсынылды.Байқау қатысушылары байқау тақырыбын ашты,кейіпкерлер қазақ,орыс,ағылшын тілінде сөйлесті,ашық костюмдер таңдалып музыкамен сүйемелденді. Әсіресе балалар өздерінің қызықты ойынымен сүйікті ертегі кейіпкерлерінің кейіпіне түсті, көрермендер ду қол шапалақтады.
Байқау қорытындысы бойынша «Колобок» ертегісін қойған Жетекші орта мектеп командасы жеңімпаз атанды. II орынды № 6 («Принцесса без горошины» және № 28 - «Репка») мектеп оқушылары бөлісті. III орынды № 2 («Алтын балық») және № 5 («Репка» ағылшын тілінде) мектеп командалары алды.
Жеңімпаздар,байқаудың белсенді қатысушылары «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Грамоталары және Алғыс хатымен марапатталды.