Туған елідің тарихына аса қызығушылығын танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 4 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар І республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей –мектебінде өткізілді.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломымен- Павлодар қаласының №25 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Социалова Гүлдана марапатталды.
Гүлдана Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін республикалық кезеңде облыс атынан қатысады. Олимпиада екі турмен өтеді:І–Қазақстан тарихы бойынша сауалнама; ІІ –4 номинация бойынша:«Менің кішкентай Отанымның тарихы»,«Менің Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы»,«Менің туған өлкем».
№ 25 ЖОМ І санатты Қазақстан тарихының мұғалімі Абдрахманова Самал Рамазанқызы,өлкетану тарихы саласында зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады,туған қала,өлке тарихын оқуға оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандырады.
Самал Рамазанқызы және оның оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз, әрі қарай сынақтарына табыс тілейміз!
"Менің кіші Отаным" интеллектуалдық олимпиада