Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде 2018 жылдың 19 қазан күні өткізілген 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңінің 46 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты.
Олимпиада мақсаты-қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.
Олимпиада қатысушылары тектес тілдердің салыстырмалы грамматикасы, аудару, сөздердің мәнін түсіндіру біліміне тапсырмалар орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломды №16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мельник София иеленді.
Құрмет грамоталарымен №20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Акчурина Мария, №42 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Морец Таисия иеленді.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы.