Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі білгірлері жарысты
01-03-2019 11:29
Қазақ тілі білгірлері жарысты

2019 жылы 1 наурызда №19 ЖОМ негізінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Кұрмет» орденінің иегері, академик К.Бітібаева атындағы қазақ тілі және  әдебиеті бойынша оқушылардың республикалық  олимпиадасының қалалық кезеңі  өткізілді. Олимпиада мақсаты – дарынды,шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды қолдау және дамыту, қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша  білімін тереңдету және жетілдіру,азаматтығын,патриотизмін дамыту, қазақ халқының  салт –дәстүрі, ұлттық мәдениетке құрметін тәрбиелеу. Олимпиадаға  қаланың   18 жалпы білім беру мектептерінен  9-11 сыныптың  40 оқушысы,мектеп олимпиадасының жеңімпаздары  қатысты.

Олимпиада екі турда өткізілді. Жазбаша  турда оқушылар  К.Бітібаеваның педагогикалық жолындағы және қазақ ақындарының шығармалары, Махамбет поэзиясы ұлы Абайдың шығармашылығымен байланысты  эссе  жазды.

Ауызша турда оқушылар еңбегі сіңген мұғалім К.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұралары және публицистикалық еңбектері,қазақ әдебиетінің шығармалары,қазақ тілінен білімін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды,оның ішінде Iорын 3 оқушы, II орын -6 оқушы , III-орын -8 оқушы ие болды.

I дәрежелі дипломмен №38 НОМ 8 сынып оқушысы Оспанова Асия (9 сынып үшін қатысты),  №19 ЖОМ 10 сынып оқушысы  Бауыржанқызы Жанеля,№ 20 лицей-мектебінің  11 сынып оқушысы Алимхан Ботагозмарапатталды.Асия ең жас қатысушы,қазақ тілі және әдебиеті бойынша өте  жақсы нәтиже көрсетті.Жанеля,қалалық байқаулар,оқулардың жеңімпазы мен жүлдегері. Ботагөз  облыстық байқаулар мен  олимпиаданың  жүлдегері және олимпиаданың қалалық  кезеңінің  екі мәрте жеңімпазы болып  табылады.

II дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушыларыАмантаева Аружан( №25ЖОМ),  Садыкова Дильназ(№ 7 ЖОМ), 10 сынып оқушылары Казбекова Жансая (№ 25ЖОМ), Балпекова Даяна( № 33ЖОМ),11 сынып оқушылары  Куанышбек Актілек (№ 21ЖОМ), Сайдағали Анель( № 25ЖОМ) марапатталды.

III  дәрежелі дипломмен  9 сынып оқушылары Кожайбердиева Ферхан(№ 37ЖОМ),  Искак Камила (мектеп-лицей № 20), Кунашева Дилнур ( № 33ЖОМ), 10 сынып оқушылары   Кыдырбаев Нұрсұлтан (№ 7 ЖОМ),Нұрқайдарова Диана (№ 30 ЖОМ)  Пазылбек Ботагөз   ( № 35 ЖОМ),11 сынып оқушылары   Байдүйсен Тоғжан (№ 7 ЖОМ),Уваисова Сания ( № 19ЖОМ) марапатталды.

Жеңімпаздар сәуір айында  олимпиаданың  облыстық кезеңіне қатысады.