Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Болашақ Отан қорғаушылары
15-03-2019 13:21
Болашақ Отан қорғаушылары

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың денсаулығын қамту орталығымен 2019 жылы 15 наурызда № 7 мектепте «Сардар» VI республикалық кешенді  олимпиадасының  қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиада  мақсаты жоғары әскери білі алуға,әскери қызметке қызығушылық  көрсеткен дарынды балаларды қолдау,жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Олимпиаданың  қалалық  кезеңіне  қаланың 16 мектебінің 11 сыныбынан 32 оқушы қатысты. Олимпиада  2 кезеңде өтті: оқушылар математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестік тапсырмалар орындады (оқыту орыс және қазақ тілінде ) және алғашқы әскери дайындық,дене шынықтыру пәндері бойынша  нормативтер орындады (жекелей саптық дайындық,АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу).

Олимпиада қорытындысы бойынша  № 17, 20, 25, 41, Кенжекөл ЖОМ оқушылары алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндері бойынша  нормативтер орындау және тестілеу бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиаданың  қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша  І дәрежелі  дипломмен № 20 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Назар Каныш марапатталды.  ІІ  дәрежелі  дипломмен 11 сынып оқушылары Хасен Алдияр( № 25ЖОМ), Кизыма Иван (№ 41ЖОМ ). ІІІ   дәрежелі  дипломмен 11 сынып оқушылары Абдрахманов Айдар ( № 17ЖОМ), Хасен Мейірман ( № 20ЖОМ), Искаков Рахат (КенжекөлЖОМ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 27 наурыз күні «Сардар» VI республикалық  кешенді  олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.