Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық Абай оқуларының қорытындысы
15-03-2019 14:54
Облыстық  Абай оқуларының қорытындысы

«Абай оқулары» ХХ облыс  байқауларына Павлодар қаласының № 12, 22, 24,38 ЖОМ  4 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар «Абай және Шәкәрім» республикалық байқауына қатысуға құқылы, сонымен қатар  Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 10 сынып оқушысы Көлтай  Мақсат. Мақсат «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында  - жас ақындар байқауында облыс атынан қатысады.

Облыстық байқауда Мақсат қазақ халқының ұлы ақыны  Абай Құнанбаевқа арналған өз шығармасын оқыды. Ол өзі шығарған өлеңдерін оқып бірнеше рет қалалық, облыстық оқулардың жеңімпазы мен жүлдегерлері атанды.

 «Көңілім әнді ұғады» номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен №12 ЖОМ                 5 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар марапатталды. Ол Шәкәрім Құдайбердиевтің  «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңін орындады.

«Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы № 38 НББМ 6 сынып оқушысы Хавалхаг Газиз. Ол Абайдың 60 шығармасын жатқа оқыды. Ол өзінің жасына қарамастан жоғарғы сынып оқушыларымен бәсекелестік құра алды.

Байқау  №3дарынды балаларға арналған  гимназияда төрт номинация бойынша өтті: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар байқауы, «Көңілі мәнді ұғады» - Абай және  Шәкәрім өлең және күй орындау, «Ұлылар  әлемі» - Абай және  Шәкәрім шығармалары бойынша  эссе байқауы.