Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БИ ДАРЫНДАРЫ
12-06-2019 14:16
БИ  ДАРЫНДАРЫ

Павлодар  қаласы  білім  беру  бөлімі, «Павлодар  дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 12 маусымда  қалалық ойын - сауық орталығында «Танцор диско » жазғы шығармашылық жобасы өткізілді

       Байқауға № 7, 11, 16, 19, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 43, ЖЖОМ  жалпы білім беру мектептерінен 283 оқушы қатысты. 
        Оқушылар  сүйікті   кинофильм  өлеңдері  және  музыкамен би композициясын көрсетті. Құзырлы әділ қазылар, құрамына Әкелер кеңесінің өкілі Чернышов Максим  Николаевич,  «Жасыл Ел» қалалық  штабының  жетекшісі  Рахимжанов  Ризат  Русланович, «Нұр» ансамбль  әртісі  Бондаренко Татьяна  Юрьевна  енді, олардың  алдына  ең  қиын  міндет қойылды – көптеген  биші дарынды  ұлдар мен қыздар арасынан  ең жақсысын  таңдап алу.

    Байқау қорытындысы бойынша  6 жүлделі орын анықталды оның ішінде, I дәрежелі дипломға № 26 ЖОМ степени удостоена «Неваляшки» командасы, II дәрежелі  дипломға  № 34 ЖОМ «Победа»  командасы,  № 43 ЖОМ  «RoyaIIKids» командасы , III дәрежелі дипломға № 27 ЖОМ «БЭМС»   командасы , «DOSTYQ alany» ЖЖОМ, № 28 ЖОМ «Diamond» командасы  иеленді. «Ритмы планеты» номинациясымен № 16 мектеп командасы, «Креативность» номинациясымен № 23 ЖОМ «Сами» командасы марапатталды.

Белсенді қатысқаны үшін  № 19, 29, 30, 33 ЖОМ мектеп оқушылары белгіленді «Танцор диско» жобасының  демеушісі  № 43 ЖОМ әкелер Кеңесінің өкілі.