Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Биология бойынша III қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
25-09-2019 16:00
Биология бойынша III қалалық жасөспірімдер олимпиадасы

     Павлодар қ. білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылғы 25 қыркүйекте №6 ЖОМ-да қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында биология бойынша жас өспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты – оқушылардың қалалық деңгейдегі олимпиадаға дайындалу жүйесін жетілдіру және олимпиадалар қатысушыларының қорын жасау.

      Биология бойынша олимпиадаға 31 мектептен (№ 1, 2, Мақпалеев ат., 5, 6, 7, 9, 11, 16, 17, 18, 19, 21, Б. Момышұлы ат., 24, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 39, 41, Әуэзов ат., 43,  Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ) 52 оқушы қатысты. Бірінші турда қатысушылар күрделілігк деңгейі жоғары 4 ұсынылған тапсырма бойынша өз жауаптарын жазбаша мазмұндады. Айтарлықтай көп ұпай жинаған 11 оқушы 2-ші тәжірибелік турға өтті.

      Биология бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындылары бойынша І орынды 8 сынып оқушылары Ананьев Илья (№ 24 ЖОМ), Полянцева Ангелина (№ 4 ЖОМ), ІІ орынды  8 сынып оқушылары Савицкий Егор (№ 1 ЖОМ), Марчук Мария (№ 16 лицей мектебі), Айгумусова Майра (Жетекші ЖОМ), ІІІ орынды  8 сынып оқушылары Курманов Артур (№ 11 ЖОМ), Прытова Ангелина (№ 18 ЖОМ), Октәш Дәрия (Б. Момышұлы ат.ЖОМ), Қабыл Нұрдаулет (№ 33 ЖОМ), Жақыпбекқызы Зере (Жетекші ЖОМ), № 16 лицей мектебінің 7 сынып оқушысы Кремер Милана жеңіп алдын.

    І және II орын алған оқушылар 5 қараша күні облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.