«Ертіс дарыны» қосымша білім беру өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен көпбейіндік лицей-интернатында «Менің кіші Отаным» II республикалық интеллектуалдық жас тарихшылар конкурсының облыстық кезеңі 16 қазан күні өткізілді. Мақсаты - туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларға қолдау көрсету.Байқау екі кезеңмен өткізілді: Қазақстан тарихы біліміне тестілеу және ғылыми жобаларды қорғау.
Павлодар қаласының мектептерінен №37 ЖОМ оқушылары Ахметова Шолпан және Каирова Ажар, №41ЖОМ Сидорук Ксения қатысты.
Зияткерлік байқау қорытындысы бойынша №41ЖОМ 10 сынып оқушысы Сидорук Ксения II дәрежелі дипломжеңіп алды. Ксения «Менің кішкентай Отанымның бейнесі» номинациясында өз жобасын қорғады. Ол жүзу бойынша 4-мәрте пара олимпиядалық чемпион № 41 ЖОМ Щепов Иван спортсмен-оқушысы туралы танысу тақырыбын таңдады. Оның қызықты өмірбаяны және спорттағы табысы туралы жобасын мақтанышпен ұсынды. Спорттық жетістіктердің нәтижелері бойынша ол «Қазақстанның 100 жаңа бет-бейнесіне» еніп, мектептің мақтанышы болып табылады.