Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізу туралы
29-11-2019 12:25
Жалпы  білім беру пәндері бойынша  қалалық  олимпиада өткізу туралы

2019 жылы 5 - 6 желтоқсанда  № 37 ЖОМ (Ворушин к., 6/2)  сағат 10.00. - 14.00-ге дейін Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық  олимпиаданың қалалық кезеңі өткізіледі.

Мақсаты – білім беделін көтеру,халықаралық  олимпиадаға қатысуға дайындық, дарынды балаларды айқындау үшін жағдай құру, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу, практикалық іскерлігі мен теориялық білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың  739 оқушысы қатысады.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада 2 бағыт бойынша 2 кезеңмен өтеді: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет,орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және I орын алған оқушылар қаңтар айында  олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы