Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала мектептерінің 227 оқушысы пән олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегері атанды
09-12-2019 16:50
Қала  мектептерінің  227 оқушысы  пән олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегері атанды

2019 жылы 9 желтоқсанда Естай атындағы ҚМС олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және жалпы білім беру пәндері бойынша 58-ші қалалық олимпиада қорытындысының салтанатты рәсімі өтті. Марапаттау салтанатына Павлодар қаласы  әкімінің орынбасары  С. А.Гладышева қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша  227 жүлделі орын жеңіп алды,сонымен қатар I орынға 48,  II орынға - 59, III орынға  - 120 оқушы ие болды.

Олимпиада да екінші жыл I орынды  № 1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Закиров Омар, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Казбекова Жансая, № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Даниярбеков Дархан, № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Исадинов Диас, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Гумар Ернұр, №39 ЖОМ  11 сынып оқушысы Фесиков Илья, № 16 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Мельник София, № 9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Кромм Ева алып жүр.

«Қоғамдық-гуманитарлық бағытттың ең жақсы олимпиядалық командасы» номинациясында I орынға № 37 мектеп командасы, II орынға - № 25,  III орынға- № 39 ЖОМ алды.

«Жаратылыстану-математикалық бағытттың ең жақсы олимпиядалық командасы»  номинациясында  I орынды № 34 мектебінің командасы, II орынды - № 9 гимназия - мектебі, III орынды - № 29, 37, 39 ЖОМ иеледі.  

«Ең жас қатысушы» номинациясында 9 сынып үшін қатысқан 7 сынып оқушылары № 34 ЖОМ оқушысы Юсопов Данил, № 43 ЖОМ оқушысы Савельева Елизавета, № 16 лицей-мектебінің  оқушылары Леликов Игорь, Казьмин Иван, Реснянская Валерия, Фидависов Аслан марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломы және медальдарымен марапатталды.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде  Павлодар қаласы мектептерінің  музыкалық ұжымы өнер көрсетті.

Олимпиаданың қалалық кезеңі 2019 жылы 5- 6 желтоқсанда  № 37 ЖОМ қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық 15 жалпы білім беру пәндері бойынша 41 мектептен 583 оқушы қатысуымен өтті. Олимпиада да ең көп болған команда № 16 лицей-мектебі (33 оқушы), Б. Момышұлы ЖОМ  (32 оқушы), № 25 ЖОМ (31 оқушы). Ең  көп қатысушы ағылшын тілі бойынша - 78 оқушы,  биология - 65, Қазақстан  тарихы - 54 .