Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
М. Байғалова атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша олимпиада қорытындысы
13-12-2019 17:26
М. Байғалова  атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша олимпиада қорытындысы

2019 жылы 13 желтоқсанда «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ М. Байғалова  атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша облыстық олимпиада  өтті.

Мақсаты – ана тілін құрметтеу және оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Олимпиада Қазақстан Республикасының білім беру ісіне еңбек сіңірген қызметкері Мафруза Жармағамбетқызы Байғалованың 80-жылдығына арналған. Олимпиада 3 кезеңде өтті:

  1. «Ұстазым, ұлағатым,үлгі-өнегем» - эссе жазу.
  2. «Көркем сөздің өрнегі» - қазақ тілінде оқитын мектептер үшін А.Құнанбаев, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин өлеңдерін жатқа оқу және орыс тілінде оқитын мектептер үшін Ж. Аймаутов, Б.Соқпақбаев, Б.Майлин монологын оқу;
  3. «Ұтымды пікір, ұтқыр ой» - мақал - мәтел мазмұнын ашу.

Олимпиадаға Павлодар облысының 7, 8 сыныптың  69 оқушысы қатысты. Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің  орыс тілінде оқитын № 9 (1) және № 39 (1) және қазақ тілінде оқитын № 25 (1), №3 8 (1) мектептерінің құрама командалары қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Талаптыға нұр жауар» номинациясында  № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы дипломмен марапатталды.