Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық математикалық олимпиада ережесі
17-01-2020 16:32
5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық математикалық  олимпиада ережесі

5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық математикалық  олимпиада ережесі

Жалпы бөлімі

  1. Қалалық математикалық олимпиада 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасы білім беру Мемлекеттік бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
  2. Осы Ереже қалалық математикалық олимпиада туралы (әрі қарай - Ереже) қалалық математикалық олимпиада өткізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайды (әрі қарай — олимпиада) және оның ұйымдастыру және әдістемелік қамтылуы, олимпиадаға қатысу тәртібі, сонымен қатар табысты қатысқаны үшін қатысушыларды   марапаттау рәсімі.
  3. Олимпиада мақсаты математика пәні бойынша  олимпиадалық  резерв құру және аса жоғарғы деңгейде оқушыларды  олимпиадаға дайындық жүйесін жетілдіру болып табылады.
  4. Олимпиада мақсаты:
  5. оқушылардың логикалық ойын дамыту, білімін біріктіру іскерлігі және оны ерекше тапсырмаларды шешу үшін қолдану;
  6. пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру;
  7. 5-6 сынып  оқушыларының  математикалық   қабілеттерін айқындау;
  8. математикалық   қабілеттері бар, оқушылар бойынша мәліметтің бірыңғай негізін қалыптастыру;
  9. математика бойынша облыстық пән олимпиадасына қатысу үшін оқушыларды айқындау

Олимпиада өткізу және ұйымдастыру тәртібі.

2.1. Олимпиада бір жазбаша турдан тұрады.

2.2. Олимпиада ұзақтығы-  2 астрономиялық  сағат.

2.3.Олимпиада кезінде мобильдік құрал байланысын және кез-келген ақпараттық дереккөзін пайдалануға тыйым салынады.

2.4. Ереже бұзған қатысушылар  олимпиададан шығарылады.

Олимпиада әділқазыларыжәне ұйымдастырушылары.

3.1. Олимпиада ұйымдастырушысы Павлодар қаласының әкімдігі, Павлодарқаласының білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы (әрі қарай Ұйымдастырушы).

3.2. Ұйымдастырушыөз құзырлығы бойынша:

  - олимпиаданың  өткізу орнын,тәртібін,мерзімін келіседі;

-дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп мұғалімдері,жоғарғы оқу орындарының оқытушы қатарынан әділқазы құрамы қалыптастырылады;

 - жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі бекітіледі;

Олимпиада қатысушылары.

4.1. Олимпиадаға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің5-6 сынып оқушылары қатысады.

4.2. Жалпы білім беру ұйымдары (әрі қарай мектеп), олимпиадаға  оқушыларының  қатысуы жөнінде басшымен расталған «Павлодар дарыны» БУҚБДДО тапсырыс береді  (Қосымша 1).

Өткізу мерзімі және орны.

  1. Олимпиада өткізу орны қаланың жалпы білім беру мектебі.
  2. Олимпиада жылсайын өткізіледі.

Олимпиада қорытындысы.

  1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, IIIдәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданықаржыландыру

  1.  Олимпиаданы қаржыландыру қолжетімді қаржылық ресурс шеңберінде жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысуға төлемақы алуға болмайды.