Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Абай оқуларының қалалық жеңімпаздары
02-03-2020 15:57
Абай оқуларының қалалық жеңімпаздары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылы 2 наурызда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» атты жаңа екі бағыт қосылды. "Абай оқулары" облыстық конкурсын өткізу кезінде өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларынан бөлек бағаланды.

Қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінің ішінен байқауға 122 оқушы қатысты, оның ішінде 44 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Қатысушылар Ұлы Абайдың шығармашылығын оқып, білетіндерін, оның шығармаларын оқып, пікірлердің айтқанын көрсетті.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысында 12 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды -2 (Б.Момышұлы ЖОМ, №38); ІІ орынды - 4 (№ 18, 31, 38,  КСОШ); ІІІ орынды - 6 (К.Макпалеева ЖОМ, № 13, 19, 25, 35, 16 лицей-мектебі)

«Абайдың қара сөздері» бағытында Абайдың қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу сайысында 4 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды (К. Бекхожин ЖОМ) ІІ орынды (№ 37) ІІІ орынды (№ 2, 38)

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сайысында 1 қатысушы жеңімпаз атанды. ІІІ орынды (№ 19)

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ән мен күй орындаушылар байқауында 15 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды – 2  (№ 25, 39 ЖОМ) ІІ орынды -5 (№ 21, 34, 41,35, ЖОМ 38) ІІІ орынды – 7 (№ 6, 13, 17, 26, 2, 43, Б. Момышұлы ЖОМ )

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында 6 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды -1 (№ 38) ІІ орынды -2 (№ 37, 39 ЖОМ) ІІІ орынды -3 ( № 7, 19, К.Бекхожин ЖОМ)

«Ұлылар әлемі» бағытында эссе сайысында 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды - 1  (№ 35 ЖОМ) ІІ орынды -3 (№ 7, 24, 37) ІІІ орынды - 2 (№ 2, 33)

Қалалық турдың жеңімпаздары 2020 жылы  сәуір айында облыстық кезеңге қатысады.