Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі білгірлері жарысты
11-03-2020 16:29
Қазақ тілі білгірлері жарысты

2020 жылы 11 наурызда № 41 ЖОБМ негізінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Кұрмет» орденінің иегері, академик К.Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша оқушылардың республикалық  олимпиадасының қалалық кезеңі  өткізілді.

Олимпиада мақсаты – дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды қолдау және дамыту, қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша  білімін тереңдету және жетілдіру, азаматтығын, патриотизмін дамыту, қазақ халқының салт – дәстүрі, ұлттық мәдениетке құрметін тәрбиелеу.

Олимпиадаға қаланың 17 жалпы білім беру мектептерінен 9-11 сыныптың  39 оқушысы, мектеп олимпиадасының жеңімпаздары  қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен болды. Жазбаша кезең оқушылар К.Бітібаеваның педагогикалық жолындағы және қазақ ақындарының шығармалары, Махамбет поэзиясы мен ұлы Абайдың шығармашылығымен байланысты  эссе  жазды.

Ауызша кезеңінде оқушылар еңбегі сіңген мұғалім К.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұралары және публицистикалық еңбектері, қазақ әдебиетінің шығармаларының айрықша білетінің көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орынды 3 оқушы, II орынды -5 оқушы, III орынды -6 оқушы иеленді.

I дәрежелі дипломмен № 38 НОМ 9 сынып оқушысы Оспанова Асия,  №20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы  Искак Камила, № 33 мектебінің 11 сынып оқушысы Кыдырбаев Нұрсултан марапатталды.

II дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушыларыМағауия Аружан  (№ 7 ЖОМ), Әбілмансұр Еркежан (мектеп-лицей № 20), 10 сынып оқушылары Бейсен Ділнәз (№ 19 ЖОМ), Құнашева Ділнұр(№ 33 ЖОМ), 11 сынып оқушысы  Пазылбек Ботагөз (№ 35 ЖОМ) марапатталды.

III  дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушылары Заитова Малика (№ 19 ЖОМ),  Адылбекова Айым (№ 37 ЖОМ), 10 сынып оқушылары Калиева Сабина (К. Бекхожин атындағы ЖОМ), Куанышпекова Дильназ (№37 ЖОМ), 11 сынып оқушыларыАманжолова Амина (мектеп-лицей № 20), Кайдар Саяжан ( № 37 ЖОМ) марапатталды.

Жеңімпаздар сәуір айында өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.