Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Рухани жаңғыру – жаңаша бағыт алу
09-04-2020 11:56
Рухани жаңғыру – жаңаша бағыт алу

Биыл “Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолға алынғанына үш жыл толып отыр.  Бағдарламаның идеялары мен бағыттарын жүзеге асыру мақсатында осы жылдар аралығында «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту орталығында өз елінің патриоттарын баулудағы «Менің өлкем - Ертіс өңірі», көршілер арасындағы қарым-қатынас дәстүрлерін жаңғырту және нығайту, аула тұрғындарының қызықты демалысын ұйымдастыру, отандастарымыздың санасын жаңғырту бойынша жаңа идеяларды бастамалау бойынша 170 көрші қатысқан «Тату көршілер», жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан халқының жауынгерлік, ұлттық дәстүрлеріне адалдық сезімін қалыптастыру жәнееліміздің рәміздеріне құрметпен, ұқыпты қарау мақсатында«Туға-тік тұр!», өз өңіріміздің көрнекті мәдениет, әдебиет тұлғаларының шығармашылығын зерттеу мақсатында «Мәшһүр Жүсіп оқулары», Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақын шығанрмаларымен өскелең ұрпақты сусындату мақсатында «Абай оқулары», оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін, рухани - адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу мақсатындағы «Ақшағала» байқаулары өтті. Аталған шараларға жалпы орта білім беру мектерптерінің 500 - ден аса оқушысы қатысты. 

Бағдарламаның атына сай негізгі мақсат – қоғамдық сананы өзгертіп, рухани тұрғыда жаңғырту. Жарқын болашақ – патриот жастардың қолында. Біздер сол жеткіншектердің бойына осы құндылықтарды дарытып, дұрыс тәрбие бере берсек, ұтарымыз мол болмақ.