19 және 26 сәуірде 6-8 сынып оқушыларына арналған математика, физика, информатика пәндері бойынша XX Ашық Қалалық Жаутық Олимпиадасының екі іріктеу онлайн туры өткізілді .
Оқушылар бірінші турға да, екінші турға да қатысты. Қатысушылардың ең жақсы нәтижелері ескерілді.
Олимпиаданың екі тур қорытындысы бойынша республиканың 152 мықты математиктері анықталды. I кезеңнің қорытынды турына өткендердің қатарында Павлодар облысының 14 ең жақсы математиктері енді. Оның ішінде 13 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептен және бір оқушы №17 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Смагин Александр. Александр республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының III орын иегері (2020 ж.), жас математиктердің VII аймақтық турнирі (2020 ж.), математика пәні бойынша облыстық,қалалық олимпиада жүлдегері.
Негізгі міндеті математика, физика, информатикаға қызығушылығы бар оқушыларды айқындау және ғылымға қызығушылығын дамыту, сонымен қатар дарынды балаларды қолдау болып табылады.
Математика пәні бойынша олимпиада қатысушылары саны көбеюіне байланысты маусым айында қосымша III онлайн іріктеу туры өтеді. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы РФММ негізінде тамыз айында финалға қатысуға жіберіледі.