2020 жылғы 23 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн – 2020» жоба аясында «Летние салаты» қалалық онлайн конкурсы өткізілді. Мақсаты – жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытының қамтылуын қамтамасыз ету, шығармашылық қабілетін, қиялын, идеясын дамыту,салауатты тамақ туралы білім алу.
Конкурс шарты бойынша қатысушылар конкурс тақырыбына сәйкес кезеңмен салат дайындауды таныстыру фотосуретін жіберді. Конкурсқа қаланың 19 жалпы білім беру мектептерінен 5-7 сыныптың 61 оқушысы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша 21 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орынға - 1, II орынға - 8, III орынға - 12 оқушы ие болды.
Қатысушылармен әртүрлі жазғы көптеген жеміс, көкөніс, жидек ,жасыл шөп түрінен «Летний», «Летняя радуга», «Витаминный», «Фантазия», «Редиска», «Летнее настроение», «Огородный салат» атты салаттар дайындалды. Аспаздық ісіне қызығушылығын, дайындау дағдыларын көруге болады, қосындыларының сәйкестігі, шығармашылығын ,қиялын салып жасаған. Конкурс қорытындысы бойынша таныстырудың ең жақсы фотосуреті №39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Тузовская Варвараның жұмысы. Ол«Полезный дачный салатик»салатын ұсынды, әдемі және ашық шуақты жазды көрсетті. Ол үшін аскөк, пияз, шалғам, салат жапырақтарын пайдаланды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.