Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Спорт-денсаулық кепілі
02-07-2020 21:17
Спорт-денсаулық кепілі

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы"В зазеркалье онлайн - 2020" жобасы аясында 2020 жылдың 2 шілдесінде «Зарядка для «Зарядки» атты қалалық конкурс өткізді. Байқауға қаланың 24 жалпы орта білім беретін мектебінен 160 спортшы қатысты. Бағалаудың басты критерийлері жаттығулар кешенінің бірізділігі, бастапқы ережелер дұрыстығы, спорттық қимылдарды орындаудағы мәнерлілік пен сезімталдылық болды.

     Байқау қорытындысы бойынша 60 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Гнускина Екатерина және 1сынып оқушысы Костюничев Ярослав,  №26 ЖОМ 4 сынып оқушылары  Шмырин Владимир және Иманбекова Алинура, №9 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Жангожина Алина, №32 ЖОМ 1 сынып оқушысы Феллер Елизавета, №17 ЖОМ 3 сынып оқушысы Жаркин Григорий және 4 сынып оқушысы Богунова Злата марапатталды.           ІІ дәрежелі дипломмен 19 оқушы марапатталды: олар  1(1), 39 (6), 26 (2), 2 (2), 17 (3), 28 (1), 14 (1), 35 (1)  және Жетекші ЖББМ (2).

         ІІІ дәрежелі дипломмен 33 оқушы марапатталды: олар № 1 (2), 2 (1), 7 (1), 9 (2), 14 (4 16 (2), 17 (8), 18 (2), 26 (2), 29 (1), 32 (3), 40 (1), 43 (1) және Жетекші ЖББМ  (3).

«Осы сияқты байқаулар барлық қатысушыларға түрлі спорт түрлерінен өздерін көрсетуіне, салауатты өмір салты мәселелері бойынша ақпарат алуына мүмкіндік береді", - деді орталық әдіскері З.А. Мамбетова. 

         Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қатысушылары  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының»дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталады.