Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туған күніңмен, Астана
03-07-2020 00:15
Туған күніңмен, Астана

2020 жылы 3 шілдеде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн-2020 » жобасы аясында «Нұр-Сұлтан - қазақ даласының жүрегі» атты қалалық қашықтықтан бейнеқұттықтау байқауын өткізді.

«Байқау мақсаты - өз Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, еліне деген алғысын жариялау және балалардың шығармашылық қабілеттерін айқындау үшін жағдай жасау.

Байқауға қаланың 19 жалпы орта білім беретін мектебінен 1-9 сынып арасынан 45 оқушы қатысты.

Бағалаудың негізгі өлшемдері автордың идеясы, ұсынылған материалдың өзектілігі мен ерекшелігі, жалпы эмоционалды қабылдауы болды.

Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде I орын - 5 оқушы, II орын - 7, III орын - 10.

Зейнолла Дильназ, № 14 жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы, 4 оқушыдан тұратын № 34 жалпы орта білім беру мектебінің Головчуктер отбасылық командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Дильназ ұлттық костюмде Қазақстан астанасының дәл орталығында «Астана» әнін орындады. Ұлттық киімдегі №34 мектептің отбасылық командасы өздерінің сүйікті астаналарын қазақ, орыс, украин тілінде өлеңдер айтып, құттықтады.

ІІ дәрежелі диплом № 27 орта мектептің 4 сынып оқушысы Исен Инсарға, №14 орта мектептің 1 сынып оқушысы Марат Исламға, №17 орта мектептің 8 сынып оқушысы Плотников Александрға, Кенжекөл жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Амантай Айнараға, №29 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Солдатов Игорьге, №27 жалпы орта білім беру мектебінің 2 және 3 сынып оқушылары Глайм Максим және Швецов Тимурға берілді.

ІІІ дәрежелі дипломды Жетекші жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Джартыбаева Салтанат, №5 жалпы орта білім беру мектебінің 2 сынып оқушысы Гейнц София, № 11 жалпы орта білім беру мектебінің 1 сынып оқушысы Пащенко Артем, № 37 жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Шарипова Акбота, № 35 жалпы орта білім беру мектебінің 2 сынып оқушысы Омаров Расул, № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары, №17 жалпы білім беру мектебінің 1 сынып оқушысы Нұғыман Айгерім, № 27 жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Юля Цыкунова, №39 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Алина Газенбург және № 43 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушылары құрамы иеленді.