Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар – менің сүйікті қалам
14-07-2020 16:42
Павлодар – менің сүйікті қалам

2020 жылы 10 шілдеде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  «Туған жер» жобасы аясында «Павлодар – менің сүйікті қалам» атты қалалық қашықтықтан бейнеролик байқауын өткізілді.

Мақсаты  - туған өлкенің тарихын зерттеу арқылы азаматтыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқауға қаланың 16 жалпы білім беру  мектептерінен 41 оқушы қатысты.

Бағалаудың басты критерийлері: жұмысты орындау және ресімдеу сапасы, жұмысты орындау кезінде автордың өзіндік ойлау деңгейі, бейнелі шешімнің ерекшелігі, шығармашылық көзқарас, Павлодар қаласының тарихи сәттерін бейнелеу.

Байқау қорытындысы бойынша 18 жүлделі орын анықталды, оның ішінде І орынды екі оқушы, II орынды - 4, III орынды - 12 оқушы иеленді.

І дәрежелі дипломмен № 27 ЖОМ 8 сынып оқушысы  Исен  Имран және №20 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Рыбин Данила марапатталды.

II дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Трушкова Елизавета және №23 ЖОМ Балыков Данияр, №43 ЖОМ 4 сынып оқушысы Реснянский Елисей, №27 ЖОМ 8 сынып оқушысы  Иванов Евгений марапатталды.

III дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Амангелді Аяжан (№20 ЛМ), 8 сынып оқушысы Акимова Карина, 7 сынып оқушысы Мусина Ажар (№27 ЖОМ), 6 сынып оқушылары Плескач Матвей, Бураков Игорь, Бекенова Мадина, Агарко Матвей, Фогель Алиса, Шрейдер Арина, Старикова Дарья, Двинянин Матвей, Шапкенова Айлин (№ 9ЖОМГ) марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары және  сертификаттарымен марапатталады.