2020 жылы 2 қазанда сағат 11.00-де онлайн тәртіпте «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар IІI республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі.Мақсаты –туған елінің тарихына қызығушылығын ояту, талантты оқушыларды айқындау.Конкурсқа жалпы білім беру мектептерінен 9-10 сыныптың оқушылары қатыса алады.Конкурс екі турда өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихының сұрақтары бойынша тестілеу;
ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.
1 Номинация - «Менің кіші отанымның тарихы»,оқушылар өзінің тұрған жерінің тарихын бейне –репортаж, таныстыру форматында ашу керек.
2 Номинация - «Кішкентай Отанымның символы»,оқушылар бейне,таныстыру форматында кіші Отанына сүйіспеншілігі туралы баяндайды.
3 Номинация «Менің кішкентай Отанымның», таныстыру форматында өтеді.
4 Номинация «Менің туған өлкем»,оқушылар өзінің тұрған жері туралы эссе жазады.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі Дипломымен марапатталады
Конкурс қорытындысы бойынша I орын алған 4 қатысушы қазан айында конкурстың облыстық турына қатысады.