Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» Республикалық қалалық оқулар кезеңі өткізіледі
13-10-2020 14:56
Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» Республикалық қалалық оқулар кезеңі өткізіледі

2020 жылы 4-қараша күні Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» Республикалық қалалық қашықтан кезеңі өткізіледі.

          Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

"Абай оқулары" қалалық конкурсын өткізу кезінде орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларынан бөлек бағаланады.

«Абай оқулары»байқауы 6 номинация бойынша өткізіледі:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай өлендерін жатқа оқу.

«Абайдың қара сөздері» - Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» -Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.

«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар сайысы. Оқушылар қазылар алқасына өз шығармаларын (поэзиялық) ұсынады.

«Ұлылар әлемі» - эссе сайысы.

Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі  дипломымен марапатталады.І дәрежелі диплом иегерлері облыстық кезеңге қатысады.

«Павлодар дарыны» БУҚБДДО МҚКК