Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің отбасым»
15-10-2020 14:10
«Менің   отбасым»

       Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен    2020 жылдың     22 - 29 қазан  аралығында «Менің   отбасым» қалалық  бейнеролик   конкурсы  өткізіледі.Конкурсқа   Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің  7-11  сынып оқушылары қатысады.

       Байқаудың мақсаты - отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтар мен   дәстүрлерді бекіту және тарату, баланы дұрыс тәрбиелеу және оны дамыту бойынша   отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке  таныту және жариялау болып табылады.

Жұмыстарды қарау және іріктеу мерзімі:

Жұмыстарды қарау және іріктеу мерзімі  2020 жылғы  26 -28 қазан  аралығы. Қорытындылау  –  2020 жылғы 30 қазан.                                                                                                         

       Конкурсқа қатысудың шарттары

- Конкурс қашықтық  түрде өткізіледі.

- Конкурсқа түрлі категориядағы отбасылар  қатыса алады.

- Конкурс қатысушылары бірнеше номинация бойынша қатысуға құқылы, алайда  әр  номинация  бойынша бір материалдан ғана қабылданады.

          Конкурстық іріктеу келесідей номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Өмірдің күші отбасыда».

- «Әке болу – парыз және сый».

-  «Жомарт жүрек».

- «Отбасы жалғаушы жіп».

      Барлық өтінімдер конкурс комиссиясына электрондық пошта бойынша

жіберіледі Е-mail czdt2008@mail.ru тақырыбы МІНДЕТТІ ТҮРДЕ көрсетілсін:           «Конкурс  «Менің  отбасым». Номинацияның аты» ( 1қосымша).

Жоба қорытындысы.Жеңімпаздар   «Павлодар Дарыны»  БУҚБДДО  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.