Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Неге десіңіз, наурыздың ескеше 9-да, жаңаша 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Сондықтан бұл Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі дүнияға жаңа келгендей мәз-мәйрам болса керек. Қуанышты күнің жаңа жыл құтты болсын!
22.03.2011 жылы №6 сәбилер бақшасының ұжымы №39 мектеп алаңында «Қош келдің, Наурыз!» мерекесін тойлауға үлесін қосты. Барша халыққа өз өнерлерін көрсете алды. Ұлттық тағамдардан сайысқа түсті. Келген қонақтар«наурыз көжеден» дәм тартым, астан ауыз тиіп, бір-бірлеріне жылы тіліктерін айтты.
Дүниеге көрік берген, шырайы жылы жыл басы наурыз, қош келдің!
