Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Қош келдің, Наурыз!»
24-03-2011 02:56

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Неге десіңіз, наурыздың ескеше 9-да, жаңаша 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп,  шаруа кенеледі.  Сондықтан бұл  Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы  алынып, шаруаның бір малы екеу  болып, көңілі  өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп,  жаңа  өспірім  жас буын қуанысып күлісіп,  жанның бәрі дүнияға жаңа  келгендей  мәз-мәйрам болса керек. Қуанышты күнің жаңа жыл  құтты болсын!

22.03.2011 жылы №6 сәбилер бақшасының ұжымы №39 мектеп алаңында «Қош келдің, Наурыз!» мерекесін тойлауға үлесін қосты. Барша халыққа өз өнерлерін көрсете алды. Ұлттық тағамдардан сайысқа түсті. Келген қонақтар«наурыз көжеден» дәм тартым, астан ауыз тиіп, бір-бірлеріне жылы тіліктерін айтты.

Дүниеге көрік берген, шырайы жылы жыл басы наурыз, қош келдің!