"Қауіпті терезелер"
№6 мектепке дейінгі гимназиясында 2023 жылдың 3 сәуір күнінен бастап «ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕЛЕР» тақырыбында іс-шара жоспарлар қткізілуде
Мақсаты: Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Міндеттері:
Ересектер мен балаларды қоса алғанда:
- балалардың көпқабатты үйлердің ашық терезелеріне шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігін насихаттау;
- балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: ата-аналар мен балалардың хабардар болу деңгейін арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


