Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Аман болайық, сау болайық!!!
12-04-2023 12:11
Аман болайық, сау болайық!!!

№6 мектепке дейінгі гимназиясында   қызылша жөніндегі санитарлық- эпедемияға қарсы және санитарлық -профилактикалық  іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізілуде. Топ тәрбиешілері ата-аналарға қызылша қауіпті ауру  екенін ескерту жұмыстарын жүргізді. Бірнеше жаднамалар таратылды, 

Ата-аналарға : 

- балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;

- қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу  айтылды.

 Қызылшаның алдын алу.

             Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі.  Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.   

 

Қызылша – қауіпті инфекция. Балаңызды қорғап үлгеріңіз!