Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Өрт- тілсіз жау"
23-06-2023 16:04

Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт.  Не істеуге болмайды: - Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз; - Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді; - Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;

Зардап шеккендерге алғашқы көмек: - 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз; - Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап,  ыстық сусын беріп, жылылау керек; - Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.

Өрттің алдын алу үшін: - Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз; - Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз; От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; - Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: Өрт сөндірушілер – 101; Полиция – 102; Жедел жәрдем – 103; Газ апатынан құтақру қызметі – 104;