Алақай – балақай жадырап жаз келді!
Жаз жайдары, алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, кәнеки, балақай,
Ойын-сауық құрамыз.
2011 жылдың маусым айында № 6 сәбилер бақшасының тәрбиешілері топта және аулада ашық шаралар өткізді. Оның ішінде «Ертегі әлемінде», «Бүршік жарған ағаштар», «Бояулар әлемі» атты іс-шараларға балалар өз білімдерін көрсете алды.
