Көңілді доппен достасып
Жылдам-жылдам басайық
Балалармен жарысайық,
Көңілді доппен достасып,
Спорттық ойын бастайық.
2 сәбилер топтарының аралығында «Көңілді эстафета» спорттық ойын-сауық өткізілді. Қонаққа күлдіргіш келіп, өзінің сиқырлы доптарын ала келді. Спорттық сайыс көңілді өтті. Балалар сайысқа бар ынталарымен қатысып, күлдіргіштің сиқырлы доптарына ие болды. Осы сайыста «Достық» жеңді.
