06.08.2012 ж - Естияр «В» тобының тәрбиешісі Садвокасова Мадина «Құмды қала» атты тәжрибелік жұмысын өткізді.
Әр топ құмды алаңшаға жиналып құмдардан төмендегідей бейнелер жасады.
- Ересек «А» топтары «Әсем қала Астана» бейнесін тұрғызды.
- Естияр «А» топтары адам кейіпкерлері мүсінің жасады;
- Естияр «Б» топтары жануарлар (үй жануарлары, жабайы, ежелгі, теңіз және т.б.) мүсінің жасады.
- ІІ сәбилер «А» топтары өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер және т.б.) бейнесін жасады.
- естияр «Г» топтары табиғи заттар (ұлу қабыршағы, бұтақтар, тастар, сүйектер, жұмыртқалар және т.б.) мүсіндеді.
- ересек«В» топтары ертегі кейіпкерлері (жауыздар мен мейірімділер) келтіріп мүсіндеді.
- І сәбилер топтары «Қазбалар» атты сюжеттік –рөлдік ойынды ойнады. Мақсаты: археологтардың шынайы еңбек құралдарын пайдалана отырып, қазбалар жүргізу. Балаға сюжетті құрастырып, елестетіп, ойлап табу мүмкіндігін ұсыну.
