Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
25-10-2012 03:58

24.10.2012 ж ата-аналармен кезекті кездесу "Ашық есік күні" шарасы өткізілді. Ата-аналар өз балаларының уақыттарын қалай өткізетінін байқап, әрі балабақшаның жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік алды. Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналары алдында өздерінің өлең-тақпақтарымен басқа да өнерлерін көрсетіп қуанышқа бөледі. Одан кейін ата-аналар балаларымен бірге «Ойнаймыз да оқимыз» атты ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтарға қатысып баланың тәрбиелену жолдарымен танысты. Балалардың дәруменге бай тағамдарды пайдалануы қажеттігі, жайында да бірқатар маңызды ақпараттар берілді. «Ата-аналар мектебі» және «Ата-аналар беделі» тақырыбындағы сабақ пен баяндамаларда ата-аналардың баламен қарым-қатынас орнатудағы маңызды салалар талқыға салынды. Ата-аналар балаларымен бірлесе түрлі ойындар ойнап балалық шақтарын тағы бір сәт естеріне алды