2 сәуір- халықаралық балалар кітабының күні
Балалар кітабы халықаралық кеңесінің (IBBY) бастамасы және шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір халықаралық балалар кітабының күні (ICBD) деп бекітілгенді. Әрине, мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу.
