Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Астана күні құтты болсын!!!
05-07-2013 11:23
Астана күні құтты болсын!!!

         Бұл сөзге қазақ түгіл, төрт-күл әлемнің еті үйренгендей.

         Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа-жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.

         Ол – жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.

         Астана қазіргі күні көздің жауын алады . Қарап тұрып сүйсінесің . сүйсініп тұрып , шүкіршілік етесің .

          Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.

          Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің серкелері бас қосып, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылдап жүр.

          Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.

          Астана – жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенідіміз.