Бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу
16.04.2014ж 22, 39 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу өткізілді. Кездесу біздің балаларымыздың шағын концертінен басталды. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, балабақшаның гиміне айналған "Нұраға" әнін орындады. Басшымыз Лазат Мырзабаевна Қожабаева 22, 39 мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен таныстырып, сөз кезегін берді. Мұғалімдер қабылдау кезінде қажетті құжаттар, қашан және қай мерзімде қабылданатының, мектеп ішіндегі ережелер мен талаптарымен таныстырды. Ата-аналар тарыпынан қойылған сұрақтарға жауап берді.



