№6 сәбилер бақшасы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Ұстаздар күні мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыстар тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын, шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз! Мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!
