Сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.
Балалар сюжетті ойындар ойнайды.
