"Дәрумендер әлемі" көрмесі өтті...
[caption id="attachment_375" align="aligncenter" width="300"]
"Дәрумендер әлемі" көрмесі...[/caption] Пайдалы кеңестер:
Қажет көзіңе А дәрумен,Жүйкені тоғайтар В дәрумен.
Сүйекті нығайтар С дәрумен,
Асты сіңіртер Е дәрумен.
Көкөністер туралы пайдалы кеңестер: Асқабақ - аязға шыдамды, адамға қажетті көкөніс. Орамжапырақ - асқорыту мүшелеріне пайдалы. Қыс бойы тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумен үшін қолданылады. Қияр - қиярдан салат дайындайды. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әр түрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектеседі. Қызанақ – отаны Перу. Көптеген дәруменге бай. Салат дайындалады. Картоп - құрамында14-24% крахмал бар. 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірлейді. Қызыл бұрыш -С дәруменіне бай, адамға ұзақ өмір сыйлайды. Сарымсақ, жуа -жұқпалы ауруларға қарсы пайдаланылады. Әсіресе тұмауға пайдалы. Бактерияларды өлтіреді. Қызылша- қызылшаның әр түрлісі болады. Дәруменге бай. Жемтамырында өте көп қант бар. тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдалы. Сәбіз-құрамы дәрумен-витаминдерге бай. А,В,С,К,О,Е және микроэлементтер де бар. Салат жасауға, тағамдарға пайдаланады. Баклажан (баялы)-медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданылады. Ақжелкен, аскөк – бүйреу ауруларына ем. Қарбыз-бүйрек ауруына ем. Жемістер туралы пайдалы кеңестер: Апельсин - ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорытылуын жақсартады. Мандарин - теріні тазартады. Микробты жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Лимон-кіші қан тамырлардың қабырғаларын қатайтады. Анемия мен ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Грейпфрут-науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Алма- әр түрлі ауруларымен күресуіне көмектеседі, ас қорытудың бұзылуын реттейді. Алма жеген өте пайдалы. Алмұрт- шырынынан несеп айдау үшін өте пайдалы. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Өрік-құрамында органикалық қышқылдар, хош иісті заттар, минералды тұздар бар. Жүзім- түстен кейін бір уыс жүзім жеу, шырынын ішу-денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім жүрек ауруына ем. Банан - денсаулыққа пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, асқазан жарасына ем. Құрма- құрамында көптеген емдік қасиет бары анықталған. Шие- шырыны асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем, жүрек жұмысын жақсартады.
