Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
"Дәрумендер әлемі" көрмесі өтті...
24-06-2015 10:11
Маусымның 24-і күні №6 сәбилер бақшасында "Дәрумендер әлемі" көрмесі өтті. Балалар көрмені тамашап, өте қызықты мағлұматтармен танысып, пайдалы кеңестерді тыңдап қайтты. 20150701_130251 20150701_130346 [caption id="attachment_375" align="aligncenter" width="300"]20150701_130419 "Дәрумендер әлемі" көрмесі...[/caption]

Пайдалы кеңестер:

Қажет көзіңе А дәрумен,

Жүйкені тоғайтар В дәрумен.

Сүйекті нығайтар С дәрумен,

Асты сіңіртер Е дәрумен.

Көкөністер туралы пайдалы кеңестер: Асқабақ - аязға шыдамды, адамға қажетті көкөніс. Орамжапырақ - асқорыту мүшелеріне пайдалы. Қыс бойы тұздап сақтап қойып, тағамға қажетті дәрумен үшін қолданылады. Қияр - қиярдан салат дайындайды. Ежелгі Египетте бай адамдар шырын жасап, әр түрлі ауруларға пайдаланған. Терінің қартаймауына көмектеседі. Қызанақ – отаны Перу. Көптеген дәруменге бай. Салат дайындалады. Картоп - құрамында14-24% крахмал бар. 200-ге жуық әр түрлі тағам әзірлейді. Қызыл бұрыш -С дәруменіне бай, адамға ұзақ өмір сыйлайды. Сарымсақ, жуа -жұқпалы ауруларға қарсы пайдаланылады. Әсіресе тұмауға пайдалы. Бактерияларды өлтіреді. Қызылша- қызылшаның әр түрлісі болады. Дәруменге бай. Жемтамырында өте көп қант бар. тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдалы. Сәбіз-құрамы дәрумен-витаминдерге бай. А,В,С,К,О,Е және микроэлементтер де бар. Салат жасауға, тағамдарға пайдаланады. Баклажан (баялы)-медицинада бауыр ауырғанда қан құрамындағы зиянды холестеринді азайту үшін қолданылады. Ақжелкен, аскөк – бүйреу ауруларына ем. Қарбыз-бүйрек ауруына ем. Жемістер туралы пайдалы кеңестер: Апельсин - ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорытылуын жақсартады. Мандарин - теріні тазартады. Микробты жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Лимон-кіші қан тамырлардың қабырғаларын қатайтады. Анемия мен ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Грейпфрут-науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Алма- әр түрлі ауруларымен күресуіне көмектеседі, ас қорытудың бұзылуын реттейді. Алма жеген өте пайдалы. Алмұрт- шырынынан несеп айдау үшін өте пайдалы. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Өрік-құрамында органикалық қышқылдар, хош иісті заттар, минералды тұздар бар. Жүзім- түстен кейін бір уыс жүзім жеу, шырынын ішу-денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім жүрек ауруына ем. Банан - денсаулыққа пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, асқазан жарасына ем. Құрма- құрамында көптеген емдік қасиет бары анықталған. Шие- шырыны асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем, жүрек жұмысын жақсартады.