Ағаштар әлемінде ойын-сауық
2010 жылы 3-ші маусымында ересек тобының тәрбиешісі Мұхтаева Жанар Акимжанқызы, балаларға экологиялық білім және тәрбие беру арқылы, олардың өлкетанымдық және табиғатты қорғау қабілетін арттыру мақсатында «Ағаштар әлемі » тақырыбында ойын сауық өткізді
Табиғат аясындағы ағаштардың қыр сырын таныстыруда төмендегі қызықты мәліметтерді берді.
- Тәрбиеші Қарт емен ағашының рөлін ойнады.
- Ағаштың өсу реті жайында зерттеу жұмысын көрсетті.
- Балалармен мынандай нақыл сөздер жаттады: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», «Бір тал кессең, он тал ек», «Сулы жер-нулы жер»
- «Ненің жапырағы» атты дидактикалық ойын ойнатумен қатар 11 топ, 11 ағаш түрінің суретін салды.
