Жаңылтпаш жаттап алайық!
Баланың тілін дамытып, тез сөйлеуге үйретуде, еске сақтау қабілеттерін шындауда естияр «А» тобының тәрбиешісі Оңалбекова Майгүл «Жаңылтпаш жаттап алайық» атты тақырыпта іс-шара өткізді.
Шешен де ұтымды сөйлету үшін жаңылтпаштар сайысы төмендегідей тақырыпта өтілді.
- Балалар және достары туралы;
- Әріп, сан туралы;
- Оқу құралдары;
- Табиғат, жан-жануар, құстар және жәндіктер туралы;
- Тағам және заттар туралы.
Жасы кішкентай болсада жаңылтпашпен жаңылмаған балалар бәрімізді қуантты. Жарайсың, балақай !!!
