Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Сиқырлы жапсырма» көрмесі.
27-06-2010 18:00

2010 жылдың 25-ші маусымында, І сәбилер «В» тобының тәрбиешісі, «Мақта қыз бен мысық» ертегі бойынша «Сиқырлы жапсырма» көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге І және ІІ сәбилер топтары қатысты. Көрме төмендегідей жапсыру әдістерімен ұйымдастырылды:

І сәбилер «А», «Б» топтары «Мақта қызбен мысық» ертегіндегі, Мақтақыз бейнесін матадан құрастырып жапсырса, І сәбилер «В», «Г» топтары мысық бейнесін мақтадан жапсырды. Шөлдеп су сұраған ағаш бейнесін ІІ сәбилер «А» топтары ермексазбен жапсырды. ІІ сәбилер «Б» топтары мысықтан жұмыртқа әкеліп берүін өтінген сатушы бейнесін қатты қағаздан жапсырды.

ІІ сәбилер «В» топтары тары мен жұмыртқаны ағаштан ойып жасады. Мысықтан тары сұраған кейіпкер тауық, құс қауырсындарымен құрастырып жапсырылғандықтан көрмедегі ең тартымды жапсырылған кейіпкер ретінде бағаланды.

Өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерін әртүрлі бейнеде көрген балалар, «О, ғажайып», «Тамаша» деумен болды.