Балаларды қорғау күні
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында №6 сәбилер бақшасының ұжымы «Бала деген бір бақыт!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Балалар көңілді жарыстарға қатысып, "Жарқын жаз" тақырыбында сурет сайысы өтті. Балаларды құттықтауға көңілді сайқымазақтар келді. Шара соңында балалар тәтті сыйлармен марапатталды.
