"Бантик күні" сайысы
Жазғы сауықтыру шараларының аясында балалармен "Бантик күні" сайысы өтті. Ең қызық түсті әрі әдемі бантик иелері келесі номинациялар бойынша марапатталды: "Бантик Ханзадасы", "Ең үлкен бантик иесі", "Бантик Ханшайымы", "Ең кішкентай бантик иесі". Шара барысында балалар ойын ойнап, соңында көңілді әуендерге би биледі.
