«Сөздік ойындар»
Ойын, ойынның қай түріне болсын зер салып, ой жүгіртіп қарасақ,одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбиттінің байқаймыз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы.Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық ,тапқырлық қабілетін оятады.Қорыта ,айтқанда ойын –баланың жан серігі, себебі ойынның іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып,өзінің ойлаған ойын іске асырады. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуі,денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Осындай ойынның маңыздылығына сүйене Естияр «Б» тобының тәрбиешісі Оңалбекова Майгүл «Сөздік ойындар» тақырыбында 2010 жылдың тамыздың 20 жұлдызында балаларды қызықтыра білді.
