"Рухани жаңғырудың жарқын жолы" бағдарламасы аясында патриоттық концерт ұйымдастырылды.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Сол себепті "Рухани жаңғырудың жарқын жолы" бағдарламасын іске асыру апталығын қорытындылай отырып, екінші кіші және даярлық топтары бірігіп "Ғасырлар үні" патриоттық концертін ұйымдастырып өткізді.
