Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: г. Павлодар, ул. Академика Сатпаева, 241
(87182)676298
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 - 18.00 ч
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Кинетикалық құммен жұмыс
29-08-2018 10:31
Кинетикалық құммен жұмыс

Кинетикалық құммен жұмыс баланың шығармашылық әлеуетін, бейнелік-логикалық және сөздік-логикалық ойлауын, қиялын, қолдың ұсақ моторикасын дамытады, баланы адамгершілікке баулиды және эмоционалды кернеуді босатуға үйретеді. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісін қызықты етеді, бала өз бетімен жұмыс істеп, зерттеудің жаңа аймақтарына қуана ауысады. Құммен жұмыс істеу барасында бала құмды ұстап көреді, оның әр түйірін, температурасын, дымқылдығын сезе отырып сенсорлық тәжірибе алады. Әр баланың бойындағы жасырын қабілеттерін оятуға, оның бойындағы психологиялық мәселелерді (қорқыныш сезімі, өз-өзіне сенімсіздік, басқа балалармен тіл табыса алмауы, агрессивті мінез-құлық, өзіндік бағалауы төмен) шешуге, өз қалауларын түсініп, жүзеге асыруына септігін тигізеді. Тек дұрыс мақсат-міндет қойып, үрдісті дұрыс ұйымдастырса, құммен ойнатылатын ойындар терапиялық, оқыту және тәрбиелік маңызға ие болады.