«Бала тәрбиесінде үш мақсатта жүргізілген ашық шара».
Естияр «Г» тобының тәрбишісі Рақымжанова Құндыз, айналамен таныстыру, көркем әдебиет және құрастыруға құрылған оқу іс-әрекетінде ашық шара көрсетті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті төмендегідей үш мақсатта жүзеге асырылды.
А) Білімділік: Балаларды ізденуге, шешуін табуға және шешім қабылдап, талдауға баулып, қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын арттыру.
Ә) Дамытушылық: Балаларды өз еркімен нақты жауап беруге жаттықтуру. Сөздік қорын байытып, логикалық ойлауды дамыту, сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданған әдістері: ғажайып сәт, дидактикалық ойындар, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақтар, сын тұрғысында ойлау.
